2020 жылы 27 қарашада Семей қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызының онлайн режимде қатысуымен «Қазақстан Республикасының колледждерінің 100 үздік студенттері» республикалық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 үздік студенті» байқауының жеңімпазы  «Фармация» мамандығының 2 курс студенті Адиков Әділ. Әділ 1 курстан өзін оқуда үздік, колледждің қоғамдық іс-шараларында белсенді қатысуда, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі болып танылады. Адиков Әділ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің дипломымен, «ТОП-100 студенттері» арнайы төсбелгісімен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Адиков Әділді және Өскемен жоғары медициналық колледжінің барлық ұжымы мен студенттерін құттықтаймыз! Бұл жеңіс біздің оқу орнымыздың Қазақстан Республикасының колледждері арасындағы беделін, имиджімізді одан ары биіктете түскені сөзсіз!