Медицина саласының болашақ мамандары үшін парасаттылық, адамгершілік, өз ісіне деген адалдық қасиеттері өте маңызды. Сондықтан, 2021 жылғы 10қарашада «Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі»  кешенді жоспар аясында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет маманы Гүлнұр Бекбаева Өскемен жоғары медицина колледжінің студенттерімен печ-куча форматында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет маманы соңғы жылдары еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларына енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, қоғамда парасаттылық құндылықтарын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
Еркін сұхбат форматында өткен кездесуде студенттер сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері жайлы өз пікірлерін айтып, ұсыныстарымен бөлісті.
Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы әлеуметтік бейнероликтерді көрсетумен аяқталды.