24.02.2023 АӘД пән мұғалімі Олим Мамарачабович «Ауған соғысының жаңғырығы» атты тақырыбында студенттермен тәрбие сағаттын өткізді  Биылғы жылы Кеңес әскерлері Ауғанстаннан кеткеніне 34 жыл толады. Осы әскери  қақтығысқа көптеген қазақстандықтар қатысып  көптеген қазақстандықтар оралмады. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың қаза тапқандарды құрметтеуі, сол әскери операциялардың егжей-тегжейін білуі өте маңызды. Тәрбие сағатының мақсаты: Ауғанстанда соғысқан интернационалист-жауынгерлердің Отан алдындағы борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің отан сүйгіштігін, қайтпас қажырлығын, батырлығын өскелең ұрпаққа жеткізу, интернационалист жауынгерлерге деген құрметті арттыру, жастардың бойында жоғары адамгершілік пен рухани мәдениетті қалыптастыру. Колледж студенттері Ауған соғысы туралы сұрақтар қойып, сол кезенің сәттін еске алып, өлен жолдарын оқыды.