Наурыздын 6-13.03.2023 жылы Өскемен жоғары медициналық колледжінде студенттер арасында  «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын»  апталығы өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерге зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Студенттерге толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.