Өскемен жоғары медициналық колледжінің түлегі, жедел жәрдем фельдшері Аяулы Сейсеғатова қоңырауға келіп, облыс орталығының 46 жастағы тұрғынының жөнсіз қылығын көрген. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әйелдің тоғызыншы қабаттан секірмек болғанын көрген. Аяулы Сейсеғатова еш тайсалмай, науқасты киімінен ұстап, өзіне қарай тартады, нәтижесінде әйел медицина қызметкерінің үстіне құлап, қолын жарақаттады. Алайда дер кезінде жасалған шараның арқасында зардап шеккендер жоқ, науқас ауруханаға жеткізілді.

Сізге тез сауығып кетуіңізді тілейміз!