2020 жылдың 18 қыркүйегінде онлайн режимде студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша сыныптан тыс іс-шара өтті. Онлайн-конференцияда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джандаралова Г. К., Өскемен қаласының Үлбі полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Құрманғалиев Т. Б., колледж заңгері Ержанова А. С., колледж педагог-психологтары Амренова Э.К., Грохотова И.В. сөз сөйледі. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін негізгі әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар және оларды жазалау шаралары туралы айтып берді. Педагог-психологтар студенттермен қақтығыс жағдайларына, оқу үлгерімі қиындықтарының пайда болуына, ерте жүктіліктің және ерте жыныстық қатынастар салдарының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді.